Венесуэла президенті Н. Мадуроға қарсы әскерилер көтеріліс жариялады

Венесуэла президенті Н. Мадуроға қарсы әскерилер көтеріліс жариялады

6-тамыз. Turaninform. Латын Америкасының мұнайға бай елі – Венесуэладағы бірнеше айға созылған наразылықтың әзірге тоқтайтын түрі байқалмайды. Наразылық салдарынан жүзден аса адам қаза болыпты. Президенті Н. Мадуро болса, жағдайды ушықтыра түсуде. Дегенмен қолдаушы айналасы да тарылып келеді.

Енді әскерилер де қарсылық білдірген. Николас билігіне қарсы наразы әскери топтың жетекшісі Хуан Кагварипано. Ол капитан көрінеді.

Николас билігі адамдарды азаматтық көзқарастары үшін қуғындап, атып, шеттеткен сайын, наразылық та күшеюде. Тоталитарлық жүйедегі барлық билікке ортақ “әнді” Н. Мадураға шырқатып қоя ма, Венесуэла халқы?..

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0