20-қыркүйек. Turaninform. АҚШ пен Солтүстік Корея арасы бұрын да жақсы емес болатын. Соңғы айларда тіптен ушығып барады. АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ-ның Бас ассамблеясында: «Егер, АҚШ өзін және оның одақтастарын қорғауға тура келсе, Солтүстік Кореяны толығымен жойып жібергеннен басқа амалымыз қалмайды. Адам-зымыран (Ким Чен Ын – Turaninform) өзін және саяси жүйесін өлтіретін жолға түсті» деді.
Не де болса да Д. Трамп тарапы Солтүстік Кореяны (КХДР) АҚШ-қа жететін зымыран жасауға дейін апармай, алдын алуға тырысатындай. Ал, егер, жасап үлгірсе, АҚШ Солтүстік Кореяны әрі қарай қысуы тіпті қиындай түспек…
ПІКІРЛЕР