Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласына байланысты, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 9-13 қазан аралығында «Болашақ әке», «Болашақ ана» атты дөңгелек үстел тәрізді, елімізге танымал зиялы қауым өкілдері студенттерге дәріс оқыды. Ақын Несіпбек Айтұлы, қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел, профессор Аманжол Әлтаев және тарих ғылымдарының кандидаты Жұмамұрат Кеңесұлы Шәмші.
Соның ішінде Жұмамұрат Шәмшінің дәрісі керемет есте қалды десем артық айтқандық болмас. Ол кісі дәрісін былай бастады. «Адам баласын осы уақытқа дейін үш-ақ нәрсе тәрбиелеген. Біріншісі байлық денсаулық болғандықтан, сол денсаулықты сақтау үшін ең алдымен жас жігіт спорттың кез келген түрімен шұғылдану керек. Әйтпесе, өз қатарыңнан қалып қоясың. «Еңбек еңбек бәрін жеңбек» демекші, спортпен шұғылданған адам міндетті түрде шымыр болады. Шыдамдылық, сабырлық, жылдамдық, шапшаңдық деген қасиеттер бірге қалыптасады. Сондықтан сендер осы елдің келешегі болғандықтан, барлық үмітіміз сендерде. Салауатты өмір салтын ұстанған жігіттерге зәруміз. Сендердің араларыңда болашақ чемпиондар отыруы ықтимал.
Екіншіден, кітап оқып ойлау көкжиегін кеңейту қажет. «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» деп Ыбырай Алтынсары бекер айтпаған. Сол себепті бірінші Дейл Карнегидің «Қалай достасу және оның себеп салдары» атты кітабын міндетті түрде оқуға кеңес беремін. Ол кітаптың ішінде кіммен қалай сөйлесу керек дегеннен бастап мемлекетті қалай басқаруға дейін маңызды пікірлерді қамтыған. Поль Брэгг «Чудо голодание» деген кітабында дұрыс тамақтану, адам не болса, соны жей беретін болса жақсылыққа алып келмейтіні баяндалған. Бүгінгідей жаһандану заманында абайлап тамақтанбаса, неше түрлі ауру жұқтырып алуыңыз ықтимал. Неше түрлі тәтті сусындар, сыра, арақ, шараптан және темекі, насыбайтан аулақ болған абзал. Денсаулықты бір құртып алсаңыз, жасылуы қиын. Сондықтан атам қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген.
Қазіргі таңда, елімізге өз тарихынан хабары бар және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет. Өйткені, әлемдік үздік оқулықтарды айтпағанның өзінде отандық ғалымдарымыздың белгілі бір таңдаулы курсқа арналған бағдарламалары да, оқулықтары да жоқтың қасы. Сондықтан сабақ үстінде бірді айтып, бірге кетушілік пен тек орыс ғалымдарының еңбегіне сүйену басым болып келеді. Әлем әдебиетіне үлес қосқан әдеби сынындағы үлкен сыншылардың ешқайсысы қазақшаға аударылмаған. Жекелеген бір-екі мақалалары болмаса Элиот, Паунт, Эко, Марк Твен, Артур Шопенгауэр, Бернард Шоудың қазақшасы мүлде жоқ. Осындай еңбектер бізге қашан келеді? Өзіміз қашан жазамыз? Оны кім аударады деген үлкен сұрақ тұр?
Әдебиет айдыны тек теориямен шектелмейтіні бесенеден белгілі, сондықтан әдеби сыншы Стефан Цвейг, Андре Моруа, Бунин, Набоков, ал Ян мен Мурад Аджи сияқты тарихи кітаптар жазды. Тарихшы әдебиетші боламын дейтін студенттер оқуға тиісті. Әлемдік әдебиет көшіне жету үшін, ең әуелі біз оларды оқуымыз керек. Ұлтты руханият ұстап тұрады. Ішкі қуаты мен сыртқы келбетін сақтаушысы да сол. Сондықтан Елбасы көңіл бөліп жатыр, бұл көп саланың жәй ғана бірі емес, бірегейі. Соңғы уақытта ерікті, еріксіз алыстап кеткен өз рухани қазығымызға қайта келе жатқан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» соның нақты айғағы.
– Бүгінгі қазақ әдебиетіне асылын асылдай, жасығын жасықтай тас-талқан ғып талдап беретін сыншы жоқтың қасы, тек Мырзан Кенжебай ағамыздан басқа ешкімді көрмей тұрмын. Ол кісінің өзі биыл 70-ке толды.
Үшіншіден, музыкамен айналысыңдар, ішкі жан дүниеңді байытады. Тылсым сыр мен мына жарық дүниенің керемет екенін ән-жыр, музыка түсіндіреді. Ол туралы қаншама қазақ халқында шығармалар жазылды десеңізші. «Ең мықты күрес өз-өзіңмен күрес» демекші, әрбірің күнделік бастап әр күніңді жазып жүріңдер. Ол күнделік өз үстіңнен өзің жұмыс істеуге ықпал етеді. Болашақ білімді және ақылды адамдарды талап етеді. Өйткені, жан-жақты білімді адамға бүкіл әлем мұқтаж. «Біз білімді болуымыз керек, ол үшін көп ізденіп оқуымыз керек, бай болуымыз ол үшін кәсіп керек, сондықтан осы керектердің артынан жұмыс істеуіміз керек» деп Ахмет Байтұрсынұлының 100 жыл бұрын айтып кеткендігі әлі күні өзектілігін жоғалтпаған.
Жұмамұрат Шәмші
ПІКІРЛЕР