10-сәуір. Turaninform. Бір күнде АҚШ санкциясынан ресейлік ірі байлар $16 млрд. шығынға ұшыраған! Bloomberg агенттігі осындай мәлімет таратты. Мұның алдында «Forbes» та ресейлік миллиардерлердің санкция салдарынан тартқан шығыны туралы ақпарат таратқан еді. Бірақ, онда шығын көлемі бұдан аздау болатын. Сонымен ең көп шығын тартқан «Нориль никелі» компаниясының бас директоры Владимир Потанин. Оның шығыны – $2,2 миллиард!
Ресейдің ұлттық валютасы да АҚШ долларына шаққанда бірнеше рубльге құнсызданды. АҚШ-тың өткен аптада ғана ресейлік 24 жеке және 14 заңды тұлғаға жариялаған санкциялары осындай шығындарға ұшыратып үлгірді…
ПІКІРЛЕР