10-мамыр. Turaninform. Әскери шығын көлемі бойынша былтыр Сауд Арабиясы Ресейдің алдына шыққан. Бейбітшілікті зерттеу халықаралық Стокгольм институтының мәліметінше, 2017-жылы Сауд Арабиясының әскери салаға бөлген қаржысы – $69,4 млрд. Ал, Ресейдің әскери бюджеті – 66,3 млрд. АҚШ доллары болған.
Ресейдің әскери шығыны азайған. Мұның себебі, экономикалық мәселесінде жатыр делінеді. Керісінше, Сауд Арабиясының әскери шығын көлемі 2016-жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артқан.
ПІКІРЛЕР