Астана АСТАНА, 2018 жылғы 27 маусым – Өзінің 20 жылдық мерейтойының қарсаңында Астана, еліміздің барлық өңірлерімен бірге, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруда озық аустриялық технологияларды қолдану арқылы жаңа идеяларды ұсынып, Қазақстанда «жасыл» технологияларды дамытуға серпін береді.
Осыған байланысты, 27 маусымда Қазақстан және Аустрия компаниялары Астана қаласында өткен «Тұрақты дамудағы Аустрия технологиялары» форум барысында Қазақстанда аустриялық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Форумды Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Энергетика министрлігі және Аустрияның экономикалық палатасы ұйымдастырды.
Астанадағы Қазақстан-Аустрия өңірлер форумының өткізілуі аустриялық компаниялардың озық технологияларын тағы бір рет көрнекі түрде таныстыру, Қазақстанда тәжірибелік қолдануды талқылау және EXPO-2017 көрмесінде ұсынылған идеяларды жүзеге асыру тәртібі, пікір алмасу және тәжірибе алмасу, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей байланыс орнатудың жақсы мүмкіндігі болды.
Форумның Қазақстан мен Аустрия өңірлеріне назарын аударғаның ескере отырып, іс-шараға Аустрияның федералдық жерлеріндегі Қазақстанның Құрметті консулдары, еліміздің сегіз облысының әкімдік өкілдері қатысты, өз өңірлері мен жобаларын таныстырып, аустриялық технологияларды энергияны үнемдейтін құрылыс саласында, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, ағынды суларды тазарту және шығарындыларды азайту әдістері талқыланды.
Форум аясында екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың нақты бағыттары талқыланды. Аустрия делегациясы ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевпен кездесіп,оның барысында энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады. Оған қоса, Инвестициялар және даму министрлігінде Қазақстан тарапынан бірінші вице-министр Р.Скляр және Аустрия жағынан – Федералдық көлік, инновация және технология министрлігінің Бас хатшысы А.Райхардт бастаған көлік инфрақұрылымы бойынша бірлескен Қазақстан-Аустрия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Форум соңында Тәуелсіздік сарайында Астанадағы тұнғыш рет өтіп отырған «Вена балы» ұйымдастырылды. Оның ұйымдастырушылары мен демеушілері – Астана қаласы Әкімдігі, Қазақ ұлттық өнер университеті, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы және Қазақстан машина жасаушылар одағы.
mfa.gov.kz
ПІКІРЛЕР