20-қараша. Turaninform. Жанармайға салынатын салықтың өсуіне байланысты Францияда басталған наразылық әлі жалғасуда. Кеше 27 мың адам көшеге шыққан. Наразылық шарасы басталған 17-қарашада көшеге шыққандардың саны 288 мыңға жеткен делінеді. Өкінішке қарай, бір адам қайтыс болып, 528 зардап тартқан.
2019-жылдың 1-қаңтарынан бастап, Францияда дизельді жанармай салығы 6,5%, ал, бензиндікі 2,9%-ға артпақ. Франция билігі салықты өсіру бюджетті толтыруға сеп болып қана қоймай, экология мен француздардың денсаулығына да жақсы әсер етеді деп санайды.
ПІКІРЛЕР