Жалағаш ауданындағы Бұқарбай Батыр Ауылдық Округіндегі Кеңес заманында салынған 800 бас аналық сиырға арналған комплекспен ,250 техникаға арналған мастерскойдан бүгінгі күнгі көрінісі !!! “БОМБА” түскендей !!! Жылан жалағандай !!!!Осындай 6000 гектар инженерлік тегістелген жері , 2500 бас ірі қарасы бар , 250технмка арналған мастерскойлары бар, 500балаға арналған мектеп, 140орындық бала бақшасы бар , 50орындық ауруханасы , теплицасы бар , зверофермасы бар , Жанақорған батпағымен емдейтін профилакториесі бар орталықтан жылу беретін котельный бар ,барлық көшелері асфвльталған ауылдан қалған бүгінгі көрініс !!! Соғыссыз, биліктің бассыз саясатының арқасында , Қызылорда облысының барлық шаруашылыққтары осындай жағдайда десе толық болады!!! Есімде ,Кәрібжанов вице-премьер ауданға келіп :-“Барлығын тез арада жекешелендіріндер ,бастарынмен жауап бересіндер !”- дегені ауданның активінің алдында.” Бұлардың дендері дұрыс па , мына дүниенің барлығы егесіз қалады ғой , бұның арты қалай болады !!!”- дейміз. Келіспей жүрдік, аудан облыс басшыларыда іштей қарсы болды ,бырақ жоғарыдан тапсырма болғасын орындамауға шамалары келмеді!!! Мен келіспей ,қарсы болдым , бырақ 1994жылы Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланума байланысты 16 апрелде сағат 11жұмыстан босадым ,тустен кейін 2400 ірі қарадан жылан жалағандай біреуіде қалмады ҒОЙ !!! Бес жыл бойы өзім барып Белоруссиядан әкелген “черно пестрый” қарала сиыр сүт бақытындағы екі сағатта ағайындар үлестеріне бөліп алып “КАПУТ” болды!!! Сол байлық кімнің көзіне сүйел болғаның білмеймін , сөйтіп жаппай жекешелендіру басталып ,айяғы бүгінгі күнгі жоқшылыққа әкелді !!! Ал қазіргі “кереметсіндер”деп мақтап жүрген(олар ол мақтауға лайықты азаматтар),жерге тигізбей жүрген Ақмола облындағы И.Сауер ,Солтүстік Қазақстан облсындағы Зинченколарға биліктің тістері батпады ,олар шаруашылықтарын сақтап қалды , басқа ұлт болғасын биліктің әлі келмеді,қазір олар “герой”болып жүр !!!Мен ойлаймын бұл ұйымдастырылған қылмыстық топтың әрекеті болды деп және де олар қойған мақсаттарына толығымен жетті деп !!! Бүгінгі таңда бұл саланын есеп қисабы өтірік ақпарлар мен жоспарларға толық екенің халық жақсы біледі !!! Бір министр келеді мал бордақылаумен айналысатын майда шаруашылықтарды көбейтіп , шетелден мал сатып алмай жерсінген өз сиырымызды асыл тұқымды бұхамен шағыстырып мал басын көтеру қажет деген бағдарлама қабылдайды ( маған салса өз басым осы жағы дұрыс деп ойлаймын . Белоруссияда тамақтың 16-18 түрін жеп 40-45литр сүт беріп тұрған сиыр ,ауылда оңдай тамаққа зәру болғандықтан екі үш жылдан сон біздің малдың қатарына қосылады!!! Өйіткені Қызылорда облысының ауа райымен Белоруссияны салыстыруға болмайды ,ол жақта шығатын өсімдік бізде шықпайды , ал тамақ болмағасын сүтпен ет қайдан болады ???? Қызылорда облысында асыл тұқымды деген шаруашылықтарды мұқият тексерсе оның 90%-да асыл тұқымнан ештене жоқ !!!! Қазақстанның басқа облыстарының жетісіп тұрғаны шамалы !!! Одан екінші министр келді да ,майда шаруашылықтар болмайды, сиымдылығы 1500бастан жоғары мал бордақылау аландары болу керек (ол жағын қолдауға болады), асыл тұқымды Австрия Америка,Канададан тасуымыз керек(бұл менше жақсы “БИЗНЕС “)өз бағдарламасын шығарды ,одан сон үшінші министр келді , ол алдындағы екі министрдің қарамағында жұмыс істеген қай жолмен жүрү керегін білмей басы қатып отыр!!! Бұл бір жуйенің жоқтығы !!! Сонда қайда біздің мал шаруашылығымен айналысатын институттар,академиктер,докторлар ???
Менің жеке ұсынысым:-
1.Ауыл шаруашылығындағы есеп қисапты бір жүйеге келтірмесе , барлық өнімдерді Кеңес заманындай ЛАБОРАТОРИЯ АРҚЫЛЫ ТАРАЗЫДАН ГРАММЫНА ӨЛШЕТІП ,ҚАТАҢ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚАЖЕТ !!! БҰЛАЙ КЕТЕ БЕРСЕ АРТЫ ЖАҚСЫ БОЛМАЙДЫ !!!!
2. Күріш өндірісі саласында берілетін субсидияны егілген күріш алқаптарын жинар алдында гектарына түсетін өнімді комиссия аңықтап, өндірілген өнімге берген дұрыс .
3.Ауыл шаруашылық министрі А.Мамытбековтың кезіндегі қабылданған “СЫБАҒА”, “ҚҰЛАН” бағдарламаларды жалғастырып ,қаралған субсидияларды қайта орнына келтіру керек . Бұл нағыз өзіміздің қазағымызға қажет бағдарлама!!!
4. Белоруссия а/шаруашылық техникасының 80%өздері шығарады , мына өзіміздің Өзбек бауырларымыз 52%өздері жасап жатыр ,ал бізде “НОЛЬ” !!! Осы жағына көніл бөлу қажет !!!!
Белорусия барлығын сақтап қалды , қазір рахатын көріп отыр !!!
” Болмасын деген оңбасын ! “-дейді АТАМ ҚАЗАҚ , болсын деген оймен жазғаным ҒОЙ !!!
Қожахмет Баймаханов, экс-сенатор
Ескерту: Қ. Баймахановтың фейсбук парақшасынан алынып, жазба сол күйінде беріліп отыр. Тақырып қойылды.
ПІКІРЛЕР