XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар.

Биылғы пленарлық отырыс мына тақырыптарда ұйымдастырылады: «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!».

Сондай-ақ жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Онда Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестігінің болашағына сарапшы көзқарас білдіріледі.

Ұйымдастырушылар форумға 19 елден шетелдік спикер, еліміздің мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшыларының қатысуын күтуде. Басқосуға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Австрия, Қытай, Эстония, Словения, Сент-Винсент және Гренадин, Ливан, Андорра, Найроби, ОАР, БАӘ өкілдері қатысады.

Спикерлер қатарында:

  • Томас Хендрик Илвес (Эстония)–эстон саясаткері, Эстония президенті (2006 – 2016 жж.)
  • Роберт Джеймс Вулси–Орталықбарлаубасқармасыныңбасшысы (1993-1995 жж), қуатты сақтау бойынша сарапшы, GenieEnergyLtd. стратегиялық кеңесшісі, SivaPower, Inc. Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Уэйн КертисУэлдон (АҚШ) – конгрессмен, Пенсильвания округы атынан республикашыл(1987-2007 жж.)
  • Анна-Мария Тренева (Ресей) – Ресейдегі Facebook, InstagramжәнеMessenger аймақтық директоры
  • Мартин Форд (АҚШ) – Футурист және«Мәшинелеркөтерілісі»,  «Зерттеу авторлары – жасанды  ақыл-ойды жасаушылардың шындығы» кітаптарының авторы
  • Михаил Гусман (Ресей)–журналист, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары
  • Дмитрий Гордон (Украина) – журналист, «Гордон бульвары» газетінің бас редакторы, «ГОРДОН» интернет-басылымының негізін салушы
  • АндресИльвес(Оңтүстік Африка) – тәуелсіз журналист және «IlvesInternational» бас директоры
  • Стивен Коул(Ұлыбритания),CGTN бағдарламасының авторы және жүргізушісі

Алдағы конференцияда әлемдік және аймақтық деңгейдегі көкейтесті  мәселелер талқыланатын болады. Күн тәртібінде: жаһандану мәселесі, әсіресеөзекті тұтыну дағдарысы, сондай-ақ халықаралық құқық проблемелары мен жасанды ақыл-ойды кеңінен пайдаланудан туындайтын сын-қатерлер бар.

Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар, атап айтқанда, журналистиканың цифрлық дүинедегі келешегі мен блогжүйе ықпалының күшеюі сөз етіледі.

Еуразия Медиа Форумының (ЕАМФ) басты мақсаты – Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.

Тіркеу http://eamedia.org/ru/ресми сайтында 15-мамырға дейін қолжетімді.

Орын саны шектеулі.

XVI Еуразия Медиа Форумының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ.

БАҚ үшін байланыс: Дмитрий Гордиенко M: + 7 701 216 88 62

Ақсұлу Сәнғали М: +7 702 888 3138

E: press@eamedia.org

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0