21-қазан. Turaninform. Еліміз қазақ тіліндегі латын қарпіне біртіндеп көшуде. Соның ішінде маңдайшасы латын қарпімен жазылып қойған көптеген мемлекеттік мекемелер де бар. Бірақ, әлі де қоғамда сын аз емес. ҚР президенті Қ. Тоқаев осыған қатысты пікір білдірді.
Ол Твиттердегі парақшасында былай деп жазды: “Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр”.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР