15-ақпан. Turaninform. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев “Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы” ҚР Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Елбасы туралы заң жойылу-жойылмауы туралы түрлі тартысты әңгіме былтырдан бері аз айтылмаған еді. Мұның алдында Парламент те күшін жоюды қолдады.
Елбасы туралы заң экс-президентке ғана емес, отбасына да ерекше мәртебе берген еді. Құқықтық қолсұқпаушылық беретін.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР