24-мамыр. Turaninform. Украинаның биліктен күштеп тайдырылған президенті В. Януковичке қатысты жыр әлі аяқталар емес. Енді оның билігі Украина елінен $40 миллиардтай ұрлаған деген мәлімдеме жасалды! $40 миллиардтай! Бұл сарапшылардың есептеуіне ілінгені ғана…тасада қалған тағы да бар ма, жоқ па, әлі белгісіз.
Бұл мәліметті Украина Әділет министрі Павел Петренко хабарлады. Сонымен қатар, ол арнайы тәркілеу туралы заң қабылдау қажеттілігі маңызын жойған жоқ дейді.
Мұның алдында В. Януковичке тікелей тиесілі дүниелер тәркіленген болатын. Бетімен кеткен билігін тоқтатқаны жақсы болған ғой…
Ал, Янукович болса, Ресей азаматтығын алғалы қашан. Егер, ол: Украинаны тонаған “бұрынғы” Янукович немесе мен басқа елдің азаматымын, оны танымаймын десе де таңғалмаймыз…
ПІКІРЛЕР