30-желтоқсан. Turaninform. Өзімен шекаралас немесе жақын орналасқан мемлекеттермен салыстырғанда, тыныштау саналатын Иранда да наразылық. Бірнеше қалаларын қамтыған наразылық, Иран президенті Хасан Рухани мен аятолла Əли Хаменеиге қарсы бағытталған. Мысалы, наразылыққа шыққандар Əли Хаменеи бейнеленген үлкен суретті өртепті.
Сыртқы саясатқа басымдық беріп, ішкі жағдайды немесе өз елін ұмыта бастаған, саяси-экономикалық ахуалды жақсарта алмаған Иран билігіне қарсы наразылыққа шыққандар: “Газа да емес, Ливан да, өмірім менің Иранда!”, «Рухани өлсін, диктатор өлсін!» деп дауыстаған.
Наразылық жұмыртқа бағасының бір апта ішінде екі есеге қымбаттауынан туған көрінеді. Соңы саяси наразылыққа, талаптарға ұласқан.
ПІКІРЛЕР