Германиядағы ит құқығы

Германиядағы ит құқығы

23-шілде. Turaninform. Саяси демократиясы жақсы дамыған елдердің бірі – Германия. Бұл мемлекеттегі жануарлар құқығына авторитарлы, тоталитарлы саяси жүйедегі елдердің қарапайым халқының өзі жетті ме?..

Мысалы, неміс елінде әр итке чип орнатылады екен немесе егесі туралы жетоны болады. Егер, итіне қатты қарап, көшеге қуып жіберсе, егесі заң шеңберінде жауап береді. Айыппұлы әжептәуір: 25 мың еуроға дейін жетуі мүмкін. Кей жағдайда үш жылға дейін егесі түрмеге қамалады!

Егесі жоқ ит бола қалса, оны арнайы қамқорлық көрсететін мекемеде ұстайды екен. Ал, ит асырағысы келгендер сол жерден барып алады. Оның өзінде таңертең 8.00де жұмысқа кетіп, 18.00де келетіндерге ит берілмейді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0