28-желтоқсан. Turaninform. Швецияда мұздан қонақ үй тұрғызылды. Бұл елде бірнеше жылдан бері мұздан салынып келеді. Қонақ үйге қонуға да болады екен. Бірақ, бағасы арзан емес. Ice Hotel деп аталатын қонақ үйдің екі адамға арналған бөлмесінің ең арзаны қаңтар айының демалыс күндері 300 доллардан басталады екен.
Қонақ үй келесі жылдың сәуір айына дейін жұмыс істемек. Сосын еріп, Турнеэльвен өзеніне ағып кетеді.
ПІКІРЛЕР