25-мамыр. Turaninform. Грузияның экс-президенті Георгий Маргвелашвили үлкен саясаттан кеткеннен кейін қарапайым да жайбарақат тіршілікке бет бұрған. Ұсталықпен, ағаш өнерімен айналысумен қатар, институтта сабақ та береді. Қазір жанұясымен бірге Грузияның Душети қалашығында тұрып жатқан оның тағы бір кірісі қарапайым ғана коттеджін туристерге жалға беруден түседі. Президенттіктен кеткенде, бар жиғаны шамамен 2 200 АҚШ доллары ғана болған екен.
Георгий Маргвелашвили – 2013-2018 жылдары Грузия президенті болған.
ПІКІРЛЕР