23-қаңтар. Turaninform. РФ саясаткері Алексей Навальныйдың шақыруымен өткен митингке он мыңдаған ресейлік шықты. Мәскеуден бастап, Қиыр Шығысқа дейінгі аумақ қамтылды. Дегенмен наразылыққа шығушылардың саны көп болған қала – Мәскеу. Мұнда кей мәліметте шамамен 40 мың адам шықты делінеді. Митинг барысында мыңдаған адам ұсталған.
Наразылыққа шығушылар РФ президенті В. Путиннің биліктен кетуін, А. Навальныйды босатуды талап етті. А. Навальный 17-қаңтарда Ресейге келе сала, қамауға алынған еді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР