Ресей елшісі: Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді

Ресей елшісі: Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді

Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді. Әрі көбісі акцентсіз және грамматикалық қатесіз. Орыс тілі ресми тіл ретінде Конституциямен бекітілген және ешкім де бұл жақта мұны өзгертуге ұмтылып жатқан жоқ. Ресейдің Қазақстандағы елшісі А. Бородавкин осылай дейді. Сонымен қатар, ол елімізде орыс тілін білмеген адам қоғамға сіңісе алмайды, әрі жақсы қызметке тұруы қиын депті. Мұның үстіне қазақстандық  жастар ресейлік ЖОО-ға түсуге ұмтылуда деген секілді сөздерін де қоса кетеді. Бұл жерде мәселе оның әңгімесінің  рас-өтірігі емес, бөтен мемлекеттің мүддесіне зиян келтіретін сөздерді айтуы. Басынып тұрғандай қадамы.

Қазақстан елшісі Е. Көшербаев та неге Ресейдегі қазақ тілі мәселесін көтермейді? Олай етпек түгілі, мұның алдында ол Қазақстанда орыс тілі мәселесі жоқ деп айтты. Есеп бергендей.
Мұндайда дені дұрыс парламенті бар ел елшіні шақырып, орнына қояды. Мемлекеттік мүддеге елші, басқа осылай зиян тигізіп, бұған билік үндемесе, тайсалса, халықты патриотизмге қалай шақырады? Бір Тудың астына қалай біріктіреді?

 Қ. Нұрғали

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0